RSS

Поэзия, сен менімен егіз бе едің?

Көктемде неге жолықтың маған?

Қайғы боп жалғыз жүрекке.

Байландым жіпсіз көріктім саған.

Айналдың арман – тілекке.

Көрмей кеткенім жөн болар еді,

Құс едің бөтен бақтағы,

Бейнең де көзден жоғалар енді,

Тек, жүрек ғана сактады.

***

Сарғайған сары күз де келіп жетті,

Жаздың міне ақырғы лебі кетті,

Суретші салып қойған суреттердей

Мұңды қала жүректі елжіретті.

Сары күзде өзіндік бір ызғар бар,

Сары күзде айтылмаған сырлар бар,

Жабырқаулы, жабығулы күйде тұр

Жазда іші жанға толы гүлзарлар.

Сары күзде қуаныштан мұң басым,

Нөсер жауса тиылмайды көз жасым,

Жалғыз жүрек жалғыздықтан жылайды

Тағдыр басқа бақ бұйыртпай тұрғасын.

***

Мені есіңе ал,

Қара аспан ақ жұлдызын жаққанда,

Мені есіңе ал,

Ақ қайыңдар жасыл моншақ таққанда

Мені есіңе ал,

Алматының ақ жаңбыры жауғанда,

Мені есіңе ал,

Алатауға ақша бұлттар ауғанда.

Мені есіңе ал,

Айлы түнде ағашты жел тербесе,

Мені есіңе ал,

Өткен күндер жанға маза бермесе.

Мені есіңе ал,

Біреу келіп, қолдарыңнан ұстаса,

Мені есіңе ал,

Шер – мұңыңды өзге жандар ұқпаса.

Ұмытпағын, қасыңдамын әрдайым,

Мәңгілікке қоштасайық екеуміз

Көз жасыммен жүрекке мұң салмайын,

Бәлкім, біз де бір бақытқа жетерміз. 

                     ***

Арманым менің алыстап менен барады,

Емін таба алмай, жүрегім қалды жаралы,

Қоштаспай кет, қол бұлғама жырақтан

Бейнеңді көрсем, кеудеме өксік толады.

Жұмбақ сөздеріңмен жаныма жара салмашы,

Бұл дүниеде жалғанның өзі алдамшы,

Махаббат деген жүрекпен сүю болса егер

Өткінші сезім, сананы ғана арбаушы.

Кездеспей кетсек, көнерміз басқа салғанға,

Бақытсыз адам болмайды мына жалғанда,

Есіңе түссем, қағаз бен қалам сырласың

Жыр жазып таста, шабытты қосып арманға.  



Read the rest of this entry »

 
Leave a comment

Жариялаған: on Мамыр 11, 2011 | Менің өлеңдерім

 

Менің блогыма қош келдіңіздер!

“Менің өмірім…Менің әлемім…Менің ойларым…Менің армандарым…Осылардың барлығы бір арнаға тоғысқан  өмір өрнектері іспеттес”. Жүректегіні сөзбен жеткізбесең де, жырмен жеткізгеннің өзі көңілге қуаныш ұялатады. “Әу” демейтін қазақ жоқ дегендей, менің де қалам сермеп қоятын әдетім бар.

Құрметті, менің қонақтарым!Сіздер  менің блогыма қонақ болу арқылы, өмірден түйгенімді оқып, жүректен шыққан жыр шумақтарымның куәсі бола аласыздар!Сәттілік!   

  Ізгі тілекпен: Мөлдір Болатбекқызы

 
1 Comment

Жариялаған: on Мамыр 11, 2011 | Менің әлемім

 
 
Follow

Get every new post delivered to your Inbox.